Атырау, 17 мамыр 12:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Илон Маск алғаш рет адам миына Neuralink чипі орнатылғанын мәлімдеді

385 просмотра

28 қаңтарда Илон Масктың нейротехнологиялық компаниясы Neuralink алғаш рет адам миына имплант орнатты, деп хабарлайды kursiv.media.

«Кеше бірінші адам Neuralink имплантын салғызды. Отадан кейінгі қалпына келтіру шаралары сәтті жүргізіліп жатыр», – деп жазды Маск X (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Маск алғаш адам миына енгізілген чиптің Telepathy деп аталатынын атап өтті. Бұл чип мүмкіндігі шектеулі адамдардың телефон мен компьютерді ой күшімен басқаруына мүмкіндік береді.

«Бұл чиптің ең бірінші пайдаланушылары аяқ-қолдарын басқара алмайтын адамдар болады», – деп жазды компания басшысы.

Оның айтуынша, бұл құрылғы көмегімен мүмкіндігі шектеулі адамдар өз ойын тез жеткізе алады.

«Елестетіп көріңізші, Стивен Хокинг жылдам мәтін теруші құрылғыдан да жылдам сөйлей алған болса. Бұл керемет емес пе?! Біз осы мақсатқа жетуді көздейміз»,- деп жазды Маск.

Жалпы Neuralink стартапын Маск 2016 жылдың шілдесінде таныстырған. Ал 2023 жылдың мамыр айында Neuralink адамдарға клиникалық сынақтар жүргізуге нормативтік рұқсат алды. Ал өткен жылдың қыркүйегінде миға импланттарды орналастыру бойынша сынқатар жүргізіле бастады. Компания бұл жобаға қатысу үшін еріктілерлі шақырды. Бұл имплант көмегімен болашақта протездерді де басқаруға болады.

Бұған дейін Илон Маск «TruthGPT» аталатын жасанды интеллект чат-ботын әзірлеуді қолға алғаны хабарланған болатын.

«Мен TruthGPT немесе ғаламның табиғатын түсінуге тырысатын ақиқат іздеуші AI-ды іске қосамын. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етер жалғыз жол болуы мүмкін, өйткені біз ғаламың бір бөлігі болғандықтан, жасанды зерде адамдарды жойып жіберуі екіталай», – деді Маск.

Маск AI қауіпті құбылыс деп санайтынын, өйткені оның «өркениетті жою мүмкіндігі бар» екенін атап өткен, Ал TruthGPT -ның адамазатқа тигізер зияны жоқ көрінеді,

Сондай-ақ, Илон Маск ашқан жасанды интеллект стартапы $6 млрд инвестиция тартау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Financial Times ақпаратына сүйенсек, Маск нарық көшбасшысы-ChatGPT чатботын жасаған OpenAI компаниясымен бәсекелесуге ниетті. 

Илон Маск xAI компаниясын 20 миллиард долларға бағалауды жоспарлап отыр. Оған қазір 6 миллиард доллар инвестиция қажет. xAI соңғы апталарда бүкіл әлемдегі әлеуетті инвестормен инвестициялық келіссөздер жүргізіп келеді. Басылымның мәліметінше, келіссөздерді үйлестіруге Морган Стэнли көмектесіп жүр.

Маск Таяу Шығыс елдерінің еркін қорларын нысанаға алды. Бұдан бөлек, xAI компаниясы Жапония мен Оңтүстік Кореядағы инвесторлармен байланысқаны туралы ақпарат та бар.Талқылауға Қытайдың бақылауындағы Гонконг қоры да қызығушылық танытқан.  

30 қаңтар, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.