Атырау, 17 мамыр 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Ыстамбұлда шіркеудегі атыстан кейін ресейлік ұсталды

382 просмотра

Түркия полициясы 28 қаңтарда болған шіркеудегі атысқа қатысы бар деген күдікпен 47 адамды ұстады, олардың арасында Ресей азаматы да бар. Бұл туралы журналистерге Түркия ІІМ басшысы Әли Ерлікая мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM  «ТАСС» агенттігіне сілтеме жасап.

«Шіркеуге қарулы шабуыл жасау туралы істі тергеу аясында 30 мекенжай бойынша операциялар жүргізілді, нәтижесінде 47 адам ұсталды. Оның ішінде бір Ресей азаматы және бір Тәжікстан азаматы бар. Олардың «Ислам мемлекетіне» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым – ред.) қатысы болуы мүмкін», - деді ол.

Министрдің айтуынша, ұсталғандар қауіпсіздік басқармасына жеткізілді, олардан төтенше жағдайға қатысты жауап алынады.

«Ыстанбұл ғасырлар бойы әртүрлі конфессияның өкілдері үшін пана болды, алдағы уақытта да солай болып қалады. Біз еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты бұзғысы келетіндерге ешқашан жол бермейміз», - деп атап өтті Әли Ерлікая.

Еске салсақ, жексенбі күні таңертең екі қарулы адам Ыстанбұлдағы христиан шіркеуінде оқ жаудырды. Әдейі жасалған қастандық делінген оқиға кезінде бір адам қаза тапты.

29 қаңтар, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.