Атырау, 17 мамыр 07:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Гонконг соты China Evergrande 300 миллиард доллар қарызын жоюға міндеттеді

473 просмотра
Сурет: Reuters

Әлемдегі ірі құрылыс компанияларының бірі China Evergrande компаниясы Гонконг сотының шешімінен кейін біржола жабылып қалуы мүмкін, деп жазады Курсив.

Reuters ақпаратына сүйенсек, сот компанияның 300 млрд доллар қарызын өтеуге қатысты шешім шығарған. Шешімді Линда Чен есімді студья қабылдаған. Оның айтуынша, компания бірнеше айлық кідірістерге қарамастан нақты қайта құрылымдау жоспарын ұсына алмағандықтан, осы шешімді қабылдауға мәжбүрлеген. Осылайша қарызын өтей алмаған компания біржола жабылып қалуы мүмкін.

240 млрд доллар активі бар China Evergrande компаниясының жабылуы  Қытайдағы жылжымайтын мүлік нарығына айтарлықтай өзгеріс алып келеді. Сарапшылар алдағы уақытта тұрғын үй бағасы күрт құбылуы мүмкін деп болжап отыр. Бұған қоса, инвесторлар мен тұтынушылардың сенімін жоғалтқан жағдайда Қытай экономикасы тежеліп қалатынын да баса айтып жатыр.

Осыған дейін Сингапур биржасында темір рудасы 4,8%-ға арзандап, тоннасына 107,5 долларға түскенін жазған едік.  Goldman Sachs Group Inc осыған дейін Қытай экономикасының өсіміне жылжымайтын мүлік нарығының әлсіреуі көп жылдық кедергі болуы мүмкін екенін ескерткен.  Темір рудасының бағасы соңғы 9 сауда сессиясында қатар арзандады. Инвестициялық банк туындаған қиындықтар Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығындағы қалыптастқан жағдай – қалалардың нашар дамуы мен жекелеген мердігерлерді қаржыландыру мәселесімен байланысты екенін мәлімдеді. Goldman Sachs банкінің болжамынша, нарық «L-сипатта», яғни айтарлықтай құлдыраудан кейін барып қана қалпына келеді.

29 қаңтар, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.