Атырау, 20 мамыр 06:16
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Жайықмұнай» ЖШС-не 2 млрд. теңге айыппұл салынды

981 просмотра
freepik.com

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы ЖШС-н тексеру барысында салық заңнамасының талаптарын бұза отырып, компания 38 млрд. теңгеден астам қаражатты өтелетін шығындарға негізсіз жатқызу фактілеріне жол бергенін анықтады.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген сома мемлекет өтейтін шығындардан алынды.

Сондай-ақ, салықтарға қосымша есептеу жүргізіліп, мемлекет кірісіне 9,5 млрд. теңге өндірілді.

Салық сомасын төмендеткені үшін компания айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2 млрд. теңге көлемінде айыппұл салынып, төленді.

Нәтижесінде облыс прокуратурасы мемлекеттік бюджетті 11 млрд. теңгеге толықтырды, сондай-ақ «Жайықмұнай» ЖШС 38 млрд. теңгеден астам шығындарын бюджеттен негізсіз өтеуге жол бермеді.

Бұдан басқа, «Жайықмұнай» ЖШС-де трансферттік баға белгілеу мәселесі бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша салық салу объектілеріне түзету жүргізілді, қосымша есептеуге корпоративтік табыс салығының жалпы сомасы 725 млн. теңгені құрады, қазіргі уақытта өтеу сатысында.

5 қаңтар, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.