Атырау, 27 сәуір 17:07
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​"Контент үшін": Шымкентте көлігін шыршамен безендіргендер жауапқа тартылды

924 просмотра

Жаңажылдық ағашпен және гирляндалармен безендірілген иномаркаларды ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары байқады. Осындай безендірулермен Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқан, деп хабарлайды polisia.kz.

Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты.

Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмегендік деп ақтағысы келді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды: құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жеткізілді.

Белгілі болғандай, жігіттер бұл әрекетке танымал әлеуметтік желідегі контент үшін барған.

22 желтоқсан 2023, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.