Атырау, 14 маусым 11:52
 ашықВ Атырау +35
$ 451.38
€ 487.22
₽ 5.14

Университетте 14 адам қаза болып, 25-і жарақаттанды: Чехияда қаралы күн жарияланды

407 просмотра

Чехия билігі Прага университетінде оқ жарақатынан көптеген адамның қаза болуына байланысты сенбі, 23 желтоқсанды мемлекеттік қаралы күн деп жариялады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Петр Фиала айтты, деп хабарлайды Кazinform.

Бұл шешім республика президенті мен төменгі палата спикерінің қатысуымен өткен үкіметтің кезектен тыс отырысында қабылданды.

Естеріңізге сала кетсек, 21 желтоқсан күні кешке Прагада орналасқан Карлов университетінде 24 жастағы студент қарудан оқ жаудырды. Ол оқу орнына өздігінен оқталатын винтовкамен келіп, аудиториядағы студенттер мен терезе түбінде жүрген адамдарға оқ ата бастады.

Салдарынан 14 адам қаза тапты, тағы 25-і жарақат алды. Дәрігерлердің сөзінше, 11 адамның жағдайы ауыр. Полиция мәліметінше, қарулы студенттің көзі жойылды. Кейбір БАҚ-тың жазуынша, қайғылы оқиғада 15 адам көз жұмған.

22 желтоқсан 2023, 08:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.