Атырау, 27 сәуір 16:31
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Жасөспірім құрдасының атынан “жарылғыш зат” туралы хабарлама берген

1 011 просмотра
Сурет: polisia.kz

Атырау облысында жасөспірім араздасып қалған құрдасының атынан “жарылғыш зат” туралы хабарлама берген, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау облысының полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментінің терроризмге қарсы орталығымен бірлесіп, Атырау облысы Жылыой ауданының мектебінде жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жолдаған аудандық мектептің бірінің 9-сынып оқушысын анықтады.  

Жасөспірім полицейлерге мессенджерде анонимді аккаунт ашып, одан дабыл сигналын жолдағанын айтты. Оқушы Telegram-чатта құрдасымен әңгімелесу барысында сөзге келіспей қалғандықтан осындай әрекетке барған көрінеді. 

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар ата-анасының үстінен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 127-бабы бойынша ата-аналардың бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік материал жинақталды.

21 желтоқсан 2023, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.