Атырау, 27 сәуір 18:05
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырауда күзетші есірткі тасымалдаған

330 просмотра

15 қараша күні Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары кезінде қала аумағында жасырын тығу әдісі арқылы есірткі заттарын сақтаған деген күдікпен Жайық өзені жағасында 1982 ж.т. қала тұрғынын анықтады. 

Тексеру кезінде күдіктінің сырт киімінен және тіркелген мекен-жайынан  қара изолентаға оралған 15 орама есірткі және қала аумағында күдікті жасырған 4 орамадағы есірткі табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, тексеру барысында 1982 ж.т. күдіктінің қала аумағындағы мекемелердің бірінде күзетші болып жұмыс істеп, жұмыстан бос кезінде синтетикалық есірткіні жасырын тығу әдісі арқылы пайда таппақ болғаны анықталды. 

Сараптамаға сәйкес тәркіленген заттар 80-нен астам доза болатын 25,10 грамм мефедрон синтетикалық есірткісі екені белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің  297– бабы 3 – бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға  жатпайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

8 желтоқсан 2023, 00:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.