Атырау, 20 мамыр 04:51
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​«ҚазТрансОйл» АҚ «ТОН-2» мұнай құбыры арқылы мұнай транзитінің тарифін көтереді

545 просмотра

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» («ТОН-2») магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнайды айдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің тарифі 1000 км-ге 1 тонна үшін 11,28 АҚШ долларын (ҚҚС-сыз) құрайды. Жаңа тариф «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (басқарма төрағасының) бұйрығымен бекітілді. 

Қазіргі уақытта «ҚазТрансОйл» АҚ «ТОН-2» магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдау мақсатында мұнай айдау бойынша қызмет көрсету тарифі 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 292,4 теңгені құрайды (ҚҚС-сыз). 

Бұл тариф 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданылып келеді. Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап «ТОН-2» магистральдық құбырының қазақстандық учаскесімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнай айдау құны 1 тонна үшін 2,1 АҚШ долларын (ҚҚС-сыз) құрайды. 2018 жылғы 1 сәуірден 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін «ТОН-2» магистральдық құбырының қазақстандық учаскесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік мұнай айдау құны 1 тонна үшін 799,455 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды. 

«ТОН-2» магистральдық мұнай құбыры Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді. Ұзындығы 186,25 шақырым болатын «ТОН-2» магистральдық мұнай құбырының қазақстандық учаскесі Павлодар мұнай-химия зауытын мұнаймен қамтамасыз етеді және Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасы мен Өзбекстан Республикасына транзитпен тасымалдайды.   

4 желтоқсан 2023, 20:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.