Атырау, 27 сәуір 16:42
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Мал ұрылары жазаларын алды

790 просмотра
freepik.com 

Индер аудандық соты үш мал ұрлаушыға қатысты үкім шығарды.

Сотта анықталғандай, сотталушылар Д. мен К. алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып, бөтеннің ауласына кіріп, бірнеше рет мал ұрлаған. Сотталушы Л. адамдар тобымен бөтеннің малын өрістен жасырын жымқырған. Мал иелеріне 1 млн 700 мың теңге көлемінде залал келтірілген. Соңғы кезде бұл қылмыс ауыр қылмыс санатына жатқызылғаны белгілі.

Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді, алайда сот олардың отбасылық жағдайына және жәбірленушілерге келтірілген залалдың ішінара өтелуіне байланысты олардың қылмыстық жауапкершілігін жеңілдетті.

Сот үкімімен сотталушылар Д. және К. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1,2) тармақтарымен кінәлі деп танылды. Оларға мүлкін тәркілемей, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы Қ. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылды. Оған мүлкін тәркілемей, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, аталған құжаттың 63-бабы қолданылған. Оның бас бостандығы 3 жыл мерзімге шартты түрде шектелген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

1 желтоқсан 2023, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.