Атырау, 27 сәуір 17:35
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жалған хабар берушіге емдеу тағайындалды

618 просмотра

Атыраудағы оқу орындарының біріне бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген күдікті қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, оған психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Еске салсақ, жыл басында 1996 ж.т. қала тұрғыны 102 нөміріне мектептердің бірінде жарылғыш зат орнатылғандығы туралы хабарлаған. Аталған оқу орнына Атырау облысы полиция департаментінің, прокуратураның, ҰҚК департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барып, мектепті қоршап, мұғалімдер мен оқушыларды қауіпсіз жерге көшірді. Бағына қарай, тексеру барысында ешқандай жарылғыш құрал табылмады.

Ал қоңырау шалушы бірден анықталып, оның үстінен Қылмыстық кодекстің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

27 жастағы азаматтың қоңырау шалған күні ауруханадан шыққаны анықталды. Шамасы, емі көмектеспеген болуы керек. Өйткені тергеу кезінде жүргізілген сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам «Тұрақты ақауы бар параноидты шизофренияның үздіксіз ағын түрі» диагнозы болған.

Ер адамның анасы заңды өкіл ретінде ұлының онсыз да қиын психологиялық жағдайын ескере отырып, оған аяушылық білдіруді сұрады. Осылайша, ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен босатылды, бірақ ол ұзақ емделуі керек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 қараша 2023, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.