Атырау, 18 мамыр 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраулық спортшы екі дүркін әлем чемпионы атанды

770 просмотра

Албуфейра қаласында (Португалия) кикбоксингтен әлем чемпионаты өтті.

72  мемлекеттен 573 спортшы қатыстысқан әлем чемпионатында Нұрсұлтан ЖҰМАБАЕВ 51 келіге дейінгі салмақта К-1 бөлімінен әлем чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетсек, Н. Жұмабаев бұған дейін 2021 жылы Италияда өткен әлем чемпионатында да чемпион атанған болатын.

Аталған әлем чемпионатында жерлесіміз Гүлбану САМАТОВА 70 келіге дейінгі салмақта фулл-контак бөлімінен 3-орынды жеңіп алып үздіктер қатарынан көрінді.

Спортшыларды жарысқа дайындаған Атырау облысының  кикбоксингтен облыстың аға жаттықтырушысы Ержан БАЗАРШАЕВ.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті облыстық спорт басқармасы ұсынды

27 қараша 2023, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.