Атырау, 19 мамыр 01:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Спорт жаңалықтары

985 просмотра

Ташкентте жасөспірімдер (2006-2007 ж.т.) арасында Азия чемпионаты өтіп, атыраулық дзюдошылар жүлделі орындарды иеленді.

55 келіге дейінгі салмақта Ерхан Мұрат екінші орынды жеңіп алды; Қола жүлдегерлер: 40 келіге дейін – Зере Өтепқали, 70 келіге дейін – Аниса Ибатолла, 57 келіге дейін – Дана Әбдірова, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кету керек, чемпионатқа 15 мемлекеттен алты жүзге жуық спортшы қатысқан. Атырау облысынан төрт спортшы бақ сынап, жүлдемен оралған болатын.

Дзюдодан аға бапкер Болат Жұмабаев шәкірттеріне жақсы тәрбие беріп, елдің аманатын, абыройын көтеріп, үлкен жетістіктерге жеткізіп келді. Балаларымыздың ата-аналарына, бапкерлерге, спорт басқармасының басшыларына алғысымды білдіремін. Қашан да жолдарыңыз ашық болсын! Спорт саласындағы шеберліктеріңізді көрсетіп, жеңістіктерге жете берулеріңізді тілеймін,- деді Атырау әкімінің орынбасары Н.Ермұханов. 

Ал дзюдодан аға жаттықтырушы Болат Жұмабаев жарыс өте жоғарғы дәрежеде өткенін айтты. Ол жерлестеріміз чемпионатқа дейін бар болғаны үш жаттығу өткізгенін, дегенмен барлық қарсыластары мықты дайындықпен келгенін жеткізді.

Аталмыш спортшылар 2024 жылғы 24-ақпанда Түркістан қаласында өтетін ел чемпионатына қатысады

***

Астанада бокстан VI Жазғы Спартакиада өтті

Атырау облысы құрамасының сапында Нұрқанат Райыс (75 келіге дейін) пен Сабырғали Аманат (92 келіден жоғары) күміс жүлдені еншіледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 қараша 2023, 21:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.