Атырау, 19 мамыр 02:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраулық жас хоккейшілер Қазақстанның вице-чемпионы атанды

442 просмотра

Атыраулық «Бейбарыс» командасының хоккейшілері U-8  жасқа дейінгі (2015 жылы туған) балалар командалары арасында өткен ҚР чемпионатында екінші орын алды.

Біріншілік 2023 жылғы 15-18 қарашада Павлодар қаласында өтті. Чемпионатқа Өскемен, Павлодар, Орал, Екібастұз, Қарағанды және Астана хоккейшілері де қатысты.

І турдың финалында біздің команда «Барыс» (Астана) командасымен тартысты ойында 3:4 есебімен есе жіберіп алды. Команданың бапкерлері - Айдын Хапыштаев пен Эльдар Чахля.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

Хоккейшілердің ата-аналары жолдаған суреттер

23 қараша 2023, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.