Атырау, 19 мамыр 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Спорт жаңалықтары

672 просмотра

Атыраулық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс алқа жеңіп алды. Бұл Қазақстан құрамасының қоржынындағы алғашқы алқа, барлығы 61 түрі бойынша 481 алқа сарапқа салынады.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбиба бұл ойындарда 4 жекпе-жек өткізді. Жартылай финалда оңтүстіккореялық спортшы көзін ойып ала жаздады, ол үшін жарыстан шеттетіліп, Әбиба финалға шығуға мүмкіндік алды.

Бұл жерде онымен жапондық спортшы, әлемнің 3 дүркін чемпионы Нацуми Цумода белдесті. Әбибаға тәжірибе жетіспеді. Дзюдо отанының өкілі ауыртатын әдісті қолданып, спортшымызды жеңісті беруге мәжбүр етті.

Дегенмен, Азия ойындарындағы күміс – үлкен жетістік. Қытайдан хабар таратып отырған жүргізуші атап өткендей, қазір құттықтауларды Атырауда Әбибаның жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетов қабылдауда.

* * * * *

Түркияның Кемер қаласында балалар, ұлдар мен қыздар және жасөспірімдер арасында муай-тайдан әлем чемпионаты өтті.

Турнирге мыңнан астам спортшы қатысты. 10 күнге созылған жарысқа Қазақстаннан 67 спортшы қатысып, 7 алтын, 13 күміс және 18 қола алқа жеңіп алды. Бұл командаға командалық 4-орынға шығуға мүмкіндік берді.

Турнирге «Қайсар» клубынан да 6 спортшы қатысып, 3 күміс, 2 қола алқа жеңіп алды. Аделина Гатиятуллина (10-11 жас, салмағы 32 келіге дейін) мен Іңкәр Сәрсембай (14-15 жас, 67 келіге дейінгі салмақ) қола, Әли Ильясов (10-11 жас, 46 келіге дейінгі салмақ), Арсен Бисембай (16-17 жас, салмағы 48 келіге дейін) және Нұрхан Сайын (16-17 жас, салмағы 91 келіден жоғары) күміс алқа иеленді.

* * * * *

Талдықорғанда 2005 жылы туған қыздар мен ұлдар арасында жүзуден ҚР Жастар чемпионаты өтті.

2008 ж.т. Дарья Чеснокова осы турнирде алтын жеңіп алды. 50 метрге арқамен жүзу бойынша алтын алқа, ал екі есе көп қашықтықта жүзу бойынша қола алқа бұйырды.

- Бұл біздің команда үшін өте маңызды алғашқы күзгі бастама, - деп түсіндірді Дарияның жаттықтырушысы Иван Галкин.

* * * * *

Францияның Марсель қаласында WKF-каратэден Marseille open рейтингтік халықаралық турнирі өтті.

Бұл турнир қараша айында Алматыда өтетін Азия чемпионатына мықтыларды іріктеу бойынша шешуші кезең саналады.

Атырау облысындағы «Қайсар» спорт клубынан екі спортшымыз турнир жеңімпазы атанды. Олар – еркінқалалық ағайынды Батырғалилар.

Ересектер арасындағы жарыста 75 келіге дейінгі салмақта Батырғали Әбілмансұр жеңімпаз атанды. Ол Өзбекстан, Иран және Бельгиядан келген қарсыластарын жеңді. Ол Атырау қаласындағы олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті.

Батырғали Файзолла 16-17 жас аралығында 61 келіге дейінгі салмақта 3 жекпе-жекте жеңіске жетті. Файзолла Олимпиада резервін дайындау орталығы және №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады. Ұлдардың жеке жаттықтырушысы Болат Ізбасқанов.

* * * * *

Абу-Дабиде дзюдодан ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында атыраулық дзюдошылар нағыз шеберлік көрсетті.

Қазақстан құрамасының командалық есепте әлем чемпионатында бірінші орын алуына атыраулық жапон күресінің шеберлері үлес қосты.

Бразилия құрамасы екінші орын алса, тұғырдың үшінші сатысына Франция құрамасы жайғасты.

Ардагерлер арасындағы әлем чемпионатына барлығы 34 елден мыңнан астам шебер қатысты. Қазақстан құрамасы барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Атыраулық спортшылар арасында 73 келіге дейінгі салмақта алтын жүлдені самбодан ардагерлер арасындағы бірнеше дүркін әлем чемпионы Марал Көшенов жеңіп алды.

Жүлдегерлер: күміс – Бүркіт Орынбасаров (60 келіге дейін) және Наурызбек Майлашев (81 келіге дейін), қола – Мейрамбек Есмағамбетов (60 келіге дейін), Мейрам Әбілдиев (100 келіге дейін) және Бақтыбай Дастан (100 келіден жоғары).

* * * * *

Пәкістан астанасы Исламабадта өткен таэквондодан 2023 жылғы ашық чемпионатта (G2) Атырау облысының спортшылары көпшілікті таң қалдырды.

Құрлық біріншілігіне 24 елдің ұлттық құрамаларының өкілдері қатысты.

Мария Севастьянова мен Нұрай Хусайнова алтын алқа иеленді. Күміс Айдана Еділбаеваның еншісіне бұйырды. Қола алқаларды Арайлым Асқарова, Жадыра Хайруллина және Диана Апсенова әкелді. Ж.Хайруллинаның техникасы үздік деп танылды. Атыраулық тәлімгер Сәуле Сардарова да үздік бапкер атанды.

* * * * *

Алматыда каратэден Азия кубогы (WKF) өтті.

Турнирге «Қайсар» спорт клубы мен олимпиадалық резерв дайындау орталығының спортшылары қатысты. Олар 3 алтын, 1 күміс және 2 қола алқа жеңіп алды. Атырауға Нұрберген Дамир, Батырғали Әбілмансұр және Ұлмекен Жалғас алтын алқа әкелді.Күміс алқаны Б.Әбілмансұр жеңіп алды. Н.Дамир мен Алина Сұлтанова қола алқаны еншіледі.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 қараша 2023, 18:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.