Атырау, 20 мамыр 04:17
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қазақстанның алғашқы бұрғышыларының тарихы және жетістіктері

928 просмотра

ҚМГ баспасөз қызметі өзінің телеграм-каналында Қазақстанның алғашқы бұрғылаушыларының тарихы және жетістіктерімен бөлісті. Биылдан бастап елімізде қараша айының әрбір үшінші сенбісінде бұрғылаушылардың кәсіби мерекесі аталып өтіледі. 2023 жылы ол 18 қарашаға тұспа тұс келді.

Тарихи №7 ұңғыма орналасқан Ембідегі Қарашұңғыл кен орны — 1899 жылы қарашада 40 метрлік тереңдіктен бірінші рет мұнай атқылаған жер. Кейін Доссор шатқалында 1911 жылы 29 сәуірде жоғары сапалы мұнай кен орны ашылды.

1920-жылдардың екінші жартысында Ембі мұнайшылары роторлы айналма бұрғылауды қолдана бастады. Ал 1932 жылы олар 92 күнде №307 ұңғыманы 962 метрге дейінгі тереңдікке жеткізе бұрғылады және КСРО мен Еуропада бірінші рет Доссор мен Мақатта жоғары тереңдіктегі бұрғылауды игерді: тереңдігі 2800 метрлік ең терең №304 ұңғыма Доссорда 1932 жылы бұрғыланды. 1940 жылға таман Ембіде 9 кен орны игерілді: Доссор, Мақат, Байшонас, Ескене, Қосшағыл, Сағыз, Құлсары, Шұбар-Құдық, Жақсымай.

Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында Жолдыбай, Комсомольский, Қошқар, Тентексор кен орындарында мұнай өндіріле бастады. Ембі мұнайшылары күніне 13 сағаттан демалыссыз жұмыс істеді. Мұнай өңдеу тарихында КСРО-да бірінші рет Доссор мен Мақат кен орындарында 1944 жылы мұнай қатпарын контур ішілік аудандық сумен толтыру әдісі енгізілді. Соның нәтижесінде ескі қордағы ұңғымалардың орташа айлық дебиті 9, ал жаңа қор бойынша 19 пайызға артты. Соғыстан кейінгі жылдары алғаш рет Мұнайлы және Қаратон кен орындары ашылды. 1960 жылдары Тереңөзек, Қарсақ, Тәжіғали, Таңатар, Алтыкөл, Қараарна, Боранкөл және Прорва кен орындары ашылды.

Қазақстанда роторлы бұрғылау орнына жедел турбиналық бұрғылау әдісі енгізіле бастады, бұрғылау білдектерінің паркі ұлғайтылды, 5 мың метрге дейінгі тереңдікте мұнай өндіріле бастады. Нәтидесінде, 1963 және 1971 жылдар аралығында Қамысты, Гран, Қараарна, Жаңа-Талап, Алтыкөл, Досмұхамбетов және Ботақан кен орындары өнім бере бастады.

Бүгінде «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ, ҚазМұнайГаз-дың еншілес ұйымы) 5 мыңға жуық адам еңбек етеді. ЕМГ құрылғалы 100 жылдан астам уақыттан бері 200 миллион тоннадан астам мұнай өндірілді, компания активінде — 34 кен орны бар.

18 қараша 2023, 21:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.