Атырау, 20 мамыр 02:45
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Теңіз кен орнында мұнай төгілгені анықталды

864 просмотра
tengizchevroil.com 

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 12 қарашада ТШО компаниясына тиесілі мұнай резервуарлары паркі мен КТЛ газ өңдеу зауыты арасындағы жерасты желісінде мұнай төгілген. Төгілген мұнай көлемі шамамен 50 текше метрдей болған - бұл бір вагон.

Бұл ақпаратты «Теңізшевройл» компаниясы растады.

– 12 қарашада Теңіз кен орнында мұнайдың төгілгені анықталып, «Теңізшевройл» (ТШО) апаттық бригадасы оны оқшаулау үшін шұғыл әрекет етті. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қауіпсіздік рәсімдері мен нормаларына сәйкес жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық тиісті органдарға хабарланды. ТШО-ның өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасып жатыр, - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша Атырау облыстық экология департаментінен ақпарат алу мүмкін болмады.

Айнұр САПАРОВА

17 қараша 2023, 13:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.