Атырау, 20 мамыр 03:48
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​АМӨЗ-дегі жұмыстар Астананың нарығына әсер етпейді - КМГ​

575 просмотра
АМӨЗ суреті

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Астанадағы сұйытылған мұнай газының тапшылығына қатысты ақпарат бере отырып, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары елорданың нарығына ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді.

"АМӨЗ-дегі жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстары Астана қаласының СМГ нарығына әсер етпейді, өйткені зауыт отынның осы түрімен бұрыннан тек Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұтынушыларын қамтамасыз етіп келеді, - делінген хабарламада. 

Ұлттық компанияда айтып өткендей тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын (СМГ) жеткізу жоспарына сәйкес, биыл қазан айында Астана қаласының қажеттіліктерін өтеу үшін 7 452 тонна, оның ішінде Павлодар мұнай-химия зауытынан (ПМХЗ) 1 980 тонна және СНПС-Ақтөбемұнайгаз-дан (ҚазМұнайГаз тобына кірмейді) 5 472 тонна отын бөлінді. 

"Аталған көлем Павлодар мұнай-химия зауытынан толық жеткізілді" - деп нақтылады компания өкілдері.  

Сонымен қатар ПМХЗ қараша айында жоспарға сәйкес елорда тұтынушыларына жеткізілетін жалпы 8500 тонна сұйытылған газ көлемінен 472 тонна жеткізуіге тиіс.

Күні бұрын Астана әкімдігі Атырау мұнай өңдеу зауытында қазан айында жүргізілген жөндеу жұмыстары мен «ПНХЗ» және «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауыттарында жұмыс көлемінің күшейгеніне байланысты автогаз тапшылығы туындап отырғанын хабарлаған болатын. Осыған байланысты шектеулер енгізілді: газ жанармай құю бекеттерінде тек талонмен сатылады. Бір апта ішінде шектеулерді біртіндеп алып тастау жоспарланып отыр. 

8 қараша 2023, 08:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.