Атырау, 28 сәуір 11:59
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырауда Сұлтан Бейбарысқа арналған көрме өтіп жатыр

Сурет
733 просмотра

Атырау облыстық Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Дала барысы – Мысырдың Бейбарысы» атты суретшілердің республикалық симпозиумының көрмесі жалғасуда.

Қала тұрғындары мен қонақтарына мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Сұлтан Бейбарыстың өмір сүру кезеңіне, ерлік істеріне арналған тұтас композиция жазылған туындыларды тамашалау ұсынылды.

Тарихи тұлға Сұлтан Бейбарыстың өмір жолын насихаттау, өскелең ұрпаққа оның қадір-қасиетін жеткізуді мақсат еткен республикалық суретшілер симпозиумы қазан айының алғашқы аптасында басталған еді.

Шараға  республиканың түкпір-түкпірінен келген 15 өнер өкілі Бейбарыстың ерлікке толы ғұмырын, сол тарихи кезең сәттерін жан-жақты көрсету арқылы оның болмысын  кенеп бетінде түсірді.

Нәтижесінде өнер музейінің алтын қоры тағы бір кенептегі кемеңгер даңқты тұлға бейнесімен, тарихи дәуірді сипаттайтын тұтас композицияға арқау болған әртүрлі сипаттағы 15 тың туындымен толықты.

Көрме 19 қазанға дейін жалғасады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер өнер музейінің парақшасынан алынды

17 қазан 2023, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.