Атырау, 19 мамыр 03:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Астана» - «Динамо» Загреб. Жеңіске жету мүмкіндігі жоқ па?

507 просмотра

Еурокубоктардың топтық кезеңіндегі Қазақстанның жалғыз өкілі «Астана» Конференциялар лигасындағы матчты айтарлықтай мықты қарсылас загребтік «Динамомен» бастайды. Parimatch сарапшылары бұл туралы не ойлайды?

«Динамо» Загреб

Астаналықтар Шығыс Еуропаның ең танымал клубтардың бірімен сәтсіз ойын өткізген болатын. Дәл осы Загреб «Астананы» Чемпиондар Лигасынан 4:0, 2:0 есебімен ешбір аяушылықсыз шығарып жіберген болатын. Алайда, көп ұзамай «Динамоның» өзі негізгі еуропалық турнирден, содан кейін Еуропа Лигасынан прагалық «Спартадан» жеңіліп қалып шығып кеткен еді.

Хорватиялық алып әрқашан «сатылымға» жұмыс істеп келді, сондықтан жазда клубты бірден бірнеше маңызды ойыншылар тастап кеткені таңқаларлық емес. Мысалы, Хорватия құрамасының негізгі қақпашысы Доминик Ливакович «Фенербахчеге» кетсе, жергілікті чемпионатта отырып қалған Лука Иванушец «Фейенордтың» ойыншысы болды. Кіріс ауысымдардан украиналық қорғаушы Богдан Михайличенконың «Андерлехттен» «Шахтер» арқылы транзитпен өтуі назар аударады. Ел чемпионатында қазіргі чемпиондар мықты орныққан: 4 жеңіс, 1 тең ойын және «Хайдукпен» өткізген матчта 1 жеңіліс. Сарапшылар «Астанамен» өтетін матчта хорваттарды фаворит деп есептеп қана қоймай, оларға сөзсіз сеніп отыр: 1.27 қарсы 11.00.

«Астана»

«Астанаға» келетін болсақ, біздің команда да ЧЛ-ден КЛ-ға түсті. Команда ҚПЛ-да ресми түрде титулды қорғау үшін күреседі, бірақ іс жүзінде еурокубоктардағы орын үшін шайқасатын болады: «Ордабасы» қуып жете алмайтын сияқты. Қазақстан чемпионаты көктем-күз жүйесі бойынша ойналса да, жазда елордалық клуб кейбір трансферлерді жасап жіберді. Ұлттық құраманың ойыншылары Александр Марочкин мен Ян Вороговскийдің ауысуына назар аударамыз. Оған қоса, гамбиялық шабуылшы Дембо Дарбо да дүп түсті. Сарапшылар матчта көптеген голдар болады деп санайды — «тотал 3-тен артық» - 1.94 коэффициенті.

Сарапшылармен келісесіз бе, әлде өз болжамыңызды жасағыңыз келе ме? Parimatch-пен бірге ұтыс тігіп, шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін 150 000 теңгеге дейін бонус алыңыз!

20 қыркүйек 2023, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.