Атырау, 20 мамыр 07:37
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Теңізшевройл»: иә, біз кестеден қалыс қалып жатырмыз

895 просмотра

«Теңізшевройл» ЖШС баспасөз қызметі ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын іске қосу бойынша кестеден кешігіп жатқанын растады. «АЖ» сауалына ТШО соңғы уақытта іске қосу жұмыстары күтілгеннен де баяу жүріп жатқанын айтты. Energy Monitor телеграм-каналында Bloomberg-ке сілтеме жасап, Еуропаның Ресейге қарсы салған санкцияларына байланысты кешіктіріліп жатқанын хабарлайды.

«Кідіріс Украинаға басып кіргеніне жауап ретінде Ресей мұнайының импортын шектеген Еуропа үшін Қазақстаннан шикі мұнай экспорты маңызды бола бастаған кезде орын алып отыр», - деп жазды Energy Monitor.

Ал, ТШО баспасөз қызметі бізге былай деді: «Теңізшевройл (ТШО) Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма сағасының қысымын басқару жобасын (ККЖ – ҰЕҚБЖ) апатсыз және үзіліссіз іске қосуға көңіл бөледі. Құрылыс-монтаждау жұмыстары осы тоқсанда аяқталады деп күтілуде. Соңғы уақытта іске қосу жұмыстары күтілгеннен де баяу жүріп жатыр. ТШО акционерлерге ҰЕҚБЖ 3 айға және ККЖ 6 айға кешіктірілуі мүмкін жоспарлау нұсқаларын ұсынды. ТШО кестеден қалыс қалуды азайту үшін шаралар алуда».

«Теңізшевройл» ЖШС құны 46,7 млрд доллар болатын Келешек кеңею жобасын/Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ/ҰЕҚБЖ) жүзеге асыруда. Жоба ТШО өндірісін жылына 12 миллион тоннаға арттырады. Жоба 2012 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

ККЖ/ҰЕҚБЖ бойынша жұмыс көлеміне мыналар кіреді: қуаттылығы жылына 12 миллион тонна үшінші буын зауытының құрылысы; қуаттылығы жылына 9,4 млрд м3 құрайтын үшінші буынды шикі газ айдау нысандары; жаңа мұнай жинау жүйесін салу және ұңғымаларды бұрғылау; ернеулік қысымды арттыру жүйесі, Прорва порты, инфрақұрылым және қосалқы нысандар.

Жобаға қатысушылар «Теңізшевройл» ЖШС серіктестері – Chevron (50%), ExxonMobil KazakhstanVentures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (20%), Lukoil International GmbH (5%).

Айнұр САПАРОВА

14 қыркүйек 2023, 02:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.