Атырау, 28 сәуір 14:17
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Исатай Майемиров: «Сезінгенімді ақ қағазға түсіремін»

Сурет
1 070 просмотра

Жалғансай ауылының жас суретшісі мекемелер мен балабақшалардың қабырғасын безендіреді.

Қыл қаламды сөйлеткен жас суретші Исатай МАЙЕМЕРОВ Махамбет ауданы, Жалғансай ауылында тұрады. Отбасында жалғыз ұл. 2010 жылы Маңғыстау облысындағы Өнер коледжіне түсіп, 2014 жылы суретші мамандығын алып шығады. 2018-2021 жылдар аралығында  М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде оқып, «Бейнелеу өнері және сызу мамандығын» алып шығады. Қазіргі таңда Жалғансай ауылы Шалқыма мәдениет үйінде суретші мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Балаларға сурет үйірмесінен сабақ береді.

- Сурет салуға деген қызығушылығым балабақшада жүргенде бастау алды. Кейін мектеп қабырғасында әр түрлі сурет байқауына қатысып жүрдім.  Өзімнің сүйікті ісімді, өмірлік мамандығым ретінде таңдағаныма ешқашан өкінбеймін. Атақты суретші Пабло Пикассо: «Суретші көргенін емес сезінгенін бейнелейді» деген екен. Сол айтқандай мен де сезінгенімді ақ қағазға түсіремін. Жұмыс жасап отырып демаламын, - дейді И.Майемеров.

Ол танымал тұлғалардың портреттерін де бейнелейді.

«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының басшысы Жексенбай ПАЗУЛОВТЫҢ айтуынша, суретшілік өнер ғана емес ауданға керек кәсіп. 

- Сурет салу - табиғатынан талант дарыған ерекше жандарға берілетін қасиет. Нағыз талантты суретшінің туындысына қарап отырып адамның миы демалады. Сурет адамды тылсым әлемге жетелейді. Суретшілік өнерді дамыта отырып, кәсіп көзіне айналдырып жүрген өнер адамдары жетерлік. Исатайдың да кәсібін нәсібіне айналдыруға мүмкіндігі толық жетеді. Өнерлі жасты қолдау мақсатында қайтарымсыз грантқа қатысып көруге кеңес бердік. Біз үшін ең бастысы - осындай талантты жастардың ауылда тұрақтап қалуына мүмкіндік жасау, - деді Ж.Пазулов. 

Жас суретші Жалғансай ауылынан балаларға арналған сурет үйірмесін ашып, бар білгенін талантты балаларға үйретіп жүр. Үйірмеде 12 бала білім алуда.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

8 қыркүйек 2023, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.