Атырау, 24 мамыр 04:47
 ашықВ Атырау +18
$ 443.03
€ 480.38
₽ 4.91

"Қытайдың Қашағаннан дәмесi бар". "Шекарашылар сынақтан өтеді. Оның пайдасы бола ма?". "Еуропарламент Қазақстандағы оппозицияның қудалануын сынады". "Спорттың қожайыны кім?".

2 862 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Еуропарламент Қазақстандағы оппозицияның қудалануын сынады" - Еуропарламент "жалпылама айып тағылып қамауға алынған" саясаткерлер мен басқа да адамдарды, атап айтқанда Владимир Козлов, Вадим Курамшин мен Роза Төлетаеваны босатуға шақырды. Олардың соттарының әділ өткеніне күмән келтіретінін мәлім етті. Терроризм және экстремизммен күресті оппозицияның қызметіне тыйым салу үшін, сөз бостандығын шектеу үшін және сотқа ықпал ету үшін қолдануға болмайтынына көңіл аудартты. Ұйым Қазақстандағы дін туралы заңды қайта қарап, діни ұйымдарды тіркеу тәртібін оңайлатуға үндеді.

"Алматы буддистері" - Қазақстанда буддистердің ресми тіркелген екі қауымы қалды – Алматы мен Атырауда. Діни туралы жаңа заңға сәйкес қайта тіркеу жүргізілгенге дейін олардың саны төртеу еді. Алматыдағы буддистер қауымның мүшелері – этникалық кәрістер. Олар буддизмнің осыдан жүз жыл бұрын Кореяда пайда болған «вон-буддизм» немесе «вонбульгё» деп аталатын ағымын ұстанады. Азаттық тілшісі қауымның жексенбілік құлшылық ету жоралғысында болды.

"«Дербес деректерді қорғау» заңы кімге керек?" - Сәуірдің 18-і күні парламент отырысында «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заң жобасын мақұлдаған сенат депутаттары осы жобаға ілеспе «Дербес деректер және оларды қорғау бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты жобаға бірнеше түзету жасап, мәжіліске жіберді.

ZHASALASH.KZ. "БҰҰ-ға жету үшiн президенттен өту керек" - “15 адамды атып өлтiрдi” деген айып тағылып, өмiр бойы түрмеде отыру жазасына кесiлген Владислав Челах президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өтiнiм (ходатайство – ред.) жолдап, өзiне кешiрiм жасауды сұрамақ. Мұны Челахтың адвокаты Серiк Сәр­се­нов мәлiм еттi.

"Қытайдың Қашағаннан дәмесi бар" - 2013 жылдың басында американдық ConocoPhillips пен норвегиялық Statoil Қашаған кен орнынан кететiнiн мәлiмдедi. Содан берi Қытай ConocoPhillips тобының Қашағандағы үлесiне көз тiгiп отыр. Бұл мәлiметтi Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаевтың өзi айтты.

SERKE.ORG. "Шекарашылар сынақтан өтеді. Оның пайдасы бола ма?" - Қазақстанның шекарашылары жаппай сынға түседі. Олар 2013 жылдың соңына дейін арнайы аттестациядан өтуі тиіс. Мұндай құжатқа Президент Нұрсұлтан Назарбаев наурыздың 22 күні қол қойған болатын.

HALYKSOZI.KZ. "Спорттың қожайыны кім?" - Қазір еліміздегі спорт федерациясынның қай-қайсысында да мемлекеттік қызметкерлер отыр. Футболды Ә.Жақсыбеков, волейболды Н.Әбіқаев, теннисті Б.Өтемұратовтар басқарып жүр. Біреулер олардың басқарғаны дұрыс дейді. Ал біреулер федерация тізгінін шенділер емес, сол спорттың ыстық-суығын көрген кәнігі мамандар ұстаған жөн дейді. Бүгінде банкир Ү.Шаяхметова көркем гимнастиканы, бұрынғы сенатор Ш.Исабеков таеквондоны,  еліміздің бас банкирі Г.Марченко у-шуды, әнші-композитор Т.Мұхамеджанов каратэні басқарып жүр. Бұл дұрыс па, бұрыс па?

TURKYSTAN.KZ. "Угодан соң... Мадуро. «Мұрагер» боливариандық төңкеріс жолымен жүре ме?"- Ресейде Ельциннен соң Путиннің президенттікке сайлануы, Әзірбайжанда Гейдар Әлиевтің орнына Ильхам Әлиевтің отыруы, Түркіменстанда Түркіменбашыдан соң Гурбангулы Бердімұхамедовтің билік басына келуі алдын-ала дайындалған, белгілі бір сценариймен жүзеге асқан өзгерістер еді. Оның алғашқы екеуін бұрынғы басшы көзі тірісінде өзі дайындап, құтты орынды өз қолымен «табыстап» кеткені де шындық.

AIKYN.KZ. "Саз әлеміндегі сансыз қызықтар" - Музыка саласы бойынша да не түрлі қызық оқиғалар орын алып жатады. Моцарт ешкімнің ойына да кіріп-шықпайтын әдіспен, аяғынан басына, басынан аяғына қарай оқыла беретін нота жазса, тотықұсты вокалист етіп тағайындаған музыкалық топ өз тыңдармандарын тапқан. Қытайлар мен вьетнамдықтардың арасында музыкалық қабілеті жоғары адамдар көп кездеседі екен. Сондай-ақ тыныштықты музыкалық шығарма ретінде меншіктеп, соттасқандар да бар.

ALASHAINASY.KZ. "«Қазақстанда құрастырылғанның» орнын «Қазақстанда жасалған» көлік қашан басады?" - Былтыр Қазақстанда сатылған 100 мың жаңа автомобильдің 20 мыңы өз жерімізде құрастырылды. Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Раудың айтуынша, «министрліктің ендігі арманы (мақсаты емес) – ол көрсеткішті 300 мыңға дейін жеткізу». Алайда бұл «арман» қиял-елес болып қалуы ықтимал. Себебі еліміздегі машина құрастырушы компаниялар үшін тиісті мемлекеттік қолдау жасалмайды. Осының салдарынан ресейлік «Ladaлар» Қазақстан нарығын жаулап алып, отандық өндірісті тұсап тастауы әбден мүмкін.

ABAI.KZ. "Алтын ханзада кім?" - Байыппен байқасақ, ғылыми зерттеу ханзаданың жасын математикалық есептеудің дәлдігімен, дәл жасы 17 не 18 деп, дәуірін жаңа эрадан бұрынғы 3 не 4, немесе 4 не 5 деп, кесіп айта аламай отыр.Тек мөлшерлеп жуықтатып қана айтқан. "Жуықша" математика ғылымында, дәлдікті көрсетпейді, белгілі бір нүктенің аржақ-бержағы, яғни сол шамада дегендік. Енді қараңыз, жас айырмашылығы 22-18=4- ақ жас. Осы жерде тағы да ескере кететін бір жәй: қазақ жасты аймен өлшемейді. Жылдың соңында туылса да, сол жыл баланың жасына қосылады. Егер біреу жылдың  басында қайтыс болса да, ол жыл жасына қосылады.Осы тұрғыдан қарағанда, Нулының дәл жасы 21-де болуы да мүмкін. Өлген жері дәл Жетісу, жерленген жері 10 шақырымнан аспайтын дәлдікте.

19 сәуір 2013, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.