Атырау, 28 сәуір 22:02
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырауда І республикалық режиссерлер мен сценографтардың фестиваль-форумы басталды

Сурет
1 074 просмотра

Ол Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Атырау облысының құрметті азаматы, көрнекті режиссер Чапай Зұлхаштың құрметіне ұйымдастырылып отыр.

Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ сөз сөйледі.

- Чапай Зұлқаштың атамыздың рухына  арналып отыр. Ол еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп, соңғы жылдары өзінің туған өлкесіне қайтып келіп, Махамбет атындағы театрдың жандануына, дамуына өзіндік үлесін қосқан біздің ұлы азаматымыз, жерлесіміз. Мұнда ең үздіктер анықталып, Атыраудың көрермендеріне тартымды шығармаларды көрсетіп, нағыз мәдениеттің тойына айналары сөзсіз,- деді Ж.Бисембиев.

Чапай Зұлхаш көңілі мен өмірін театрға арнаған, өнерге адал болған, адамзат ғұмырын, тұлғалар тұғырын режиссурасында айшықтаған тұлға. Оның естеліктерін шәкірті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит ҚОЖАБЕКОВ үлкен сағынышпен еске алды.

- 1986 жылы мені және басқа да шәкірттерін Махамбет атындағы қазақ драма театрына алып келді. Ол өте талапшыл болатын. Тілді жаттықтырып, сындырып, сахнаға лайықты етіп, спектакль қай рөлде ойнасаң да сол рөлге өзіңді тыным таптырмай дайындап, әзірлеп рөлдің жақсы шығуына өте үлкен ұлағатты ұстаз бола білді. Рөл ойнағанда да ол рөлді шыдай алмай сахнаға шығып, түсінікті болу үшін өзі ойнап көрсететін. Чапай аға әкелік, ағалық мейіріммен қарайтын біздерге. Ол ағамыз Атырау облысынан шыққан режиссер, актер, Нарында туған нар тұлға деп білеміз, құрметтейміз,- деді С.Қожабеков.

Фестиваль шымылдығы – Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының Абайдың «Бес нәрсе» драмасымен ашылды. Фестивальде үздік режиссер, үздік сценограф, үздік әйел, үздік ер адам рөльіне номинациялар қарастырылған. Оған Семей, Павлодар, Ақмола мен Алматы облысы және қаласынан келген алты театр ұжымы қатысып, бақтарын сынауда.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді жолдаған ӨКҚ

9 маусым 2023, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.