Атырау, 20 мамыр 07:56
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауға ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының мамандары келеді

Сурет
1 309 просмотра

23-26 мамыр күндері Атырау облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Сапардың басты мақсаты - аурулардың алдын алу, диагностикалау, емдеу және сауықтыру саласында тәжірибе алмасу және заманауи әдістерімен бөлісу, сондай-ақ Атырау облысының медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту. 

Делегацияның құрамында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары, оның ішінде нейрохирург, аллерголог, пульмонолог, онколог және басқа мамандар бар. Олар өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік сабақтар, тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп, күрделі операцияларды Атырау облыстық ауруханасы, қалалық перзентхана, №7 қалалық емхана базасында жасайды.  

Қабылдау кестесі:

23 мамырда  Атырау облыстық ауруханада: 

10:00 – 13:00 – нейрохирург Дәулет Сүйембетов; 

13:00 – 16:00 – нейрохирург Мыңжылқы Бердіходжаев (жоғары санатты дәрігер) қабылдау өткізеді.


№2 Атырау облыстық ауруханада: 

10:00 – 13:00 – аллерголог Ботагөз Давлетова; 

10:00 – 13:00 – пульмонолог Мадина Есенгельдинова қабылдау өткізеді. 

24 мамырда 

Атырау облыстық ауруханасында: 

10:00 – 13:00 – нейрохирург Дәулет Сүйембетов; 

14:00 – 17:00 – травматолог Асқар Баймұхаметов қабылдау өткізеді. 

25 мамырда 

№7 Атырау қалалық емханада: 

14:00 – 17:00 – гастроэнтеролог Ляззат Қазанбаева (жоғары санатты дәрігер); 

14:00 – 17:00 – невролог Ақерке Таурбекова;

14:00 – 17:00 – эндокринолог Дилярам Разиева (жоғары санатты дәрігер) қабылдау өткізеді. 

26 мамырда 

Атырау облыстық ауруханасында:

10:00 – 17:00 – гинеколог Талғат Капаков қабылдау өткізеді. 

Қабылдауға жазылу үшін телефон нөмірлері: 

Атырау облыстық ауруханасы: 28-00-36. 

№2 Атырау облыстық ауруханасы: +7778 048 94 07; 51-00-92. 

№7 Атырау қалалық емхана: +7775 247 68 49

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

21 мамыр 2023, 22:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.