Атырау, 20 мамыр 11:47
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ТШО инватакси тарту етті

1 337 просмотра

«Теңізшевройл» ЖШС 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Жылыой ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға құны 36,5 миллион теңге болатын жаңа инватакси сыйға тартты, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Jac Sunray маркалы автокөлік толығымен жабдықталған және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қауіпсіз қозғалысына бейімделген. Микроавтобус алты жолаушыға арналған, екі арбаға арналған арнайы тіректермен және 300 кг-ға дейінгі көтеру күші бар жүк көтергішпен жабдықталған.

- Компания инклюзивті ортаны дамытуға ерекше көңіл бөледі. ТШО «Әлеуметтік инвестициялар» бағдарламасы аясында биыл да «Біз де адамбыз» жобасына демеушілік көрсетіп отыр. Бұл жобаның арқасында мүмкіндігі шектеулі жандар әлемді жаңаша тануды, тезірек араласуды үйренеді. Жақында Жылыой ауданында да «Тиімді оңалту лагері» өтетінін қуана хабарлаймын, - деді ТШО компаниясының үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Дәрмен АРОНОВ.

Айта кетейік, «30 игі іс» акциясы шеңберінде облыста тұңғыш рет «KazakhFest» және жасөспірімдер арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Аталған акция аясында сәуір айында Жылыой ауданы бойынша қоғамдық көлік жолаушыларына үш күн бойы тегін жүру ұйымдастырылып, мерекелік сертификат табыстаумен басталған болатын. Осы акция аясында Құлсары және Атырау қалаларында сенбілік шаралары өтті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған суреттер

2 мамыр 2023, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.