Атырау, 20 мамыр 12:26
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

1 006 просмотра

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Қайсар АБДАЛИЕВ тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жасұлан Бисембиев таныстырды.

Қ.Абдалиев 2012 жылы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Емдеуісі» мамандығын, 2017 жылы КазГЮУ университетінің «Құқықтану» мамандығын тәмәмдаған. Еңбек жолын 2013 жылы «Ұлттық кардиохирургия орталығы» АҚ стратегиялық жоспарлау және корпоративтік даму бөлімінде бастаған. 2016 -2021 жылдар аралығында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде әртүрлі қызметтерді атқарды. 2021 жылдан бері Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болған.

Еске салсақ,  облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Асхан Байдуалиев өз еркімен қызметтен кетіп, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына басшы болып тағайындалған еді.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет ӨКҚ

6 сәуір 2023, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.