Атырау, 20 мамыр 04:52
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сәбит Арынов «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры болып тағайындалды

1 605 просмотра

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) болып Сәбит Арынов тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Сәбит Арынов «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.

Ол еңбек жолын 1999 жылы ҚТО жүйесіндегі Атырау мұнай айдау станциясының технологиялық қондырғыларын жөндеу слесарі болып бастаған. 2000-2005 жылдар аралығында Атырау мұнай құбыры басқармасында, Атырау су дайындау және сумен қамтамасыз ету басқармасында, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалында инженер болып қызмет етті.

 С.Арынов әр жылдары «ҚазТрансОйл» компаниясының пайдалану департаментінің директоры, Батыс филиалының басшысы, Бас директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

4 наурыз 2023, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.