Атырау, 20 мамыр 10:41
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда Денсаулық сақтау министрі емдеу мекемелерінің басшыларымен кездесті

Сурет
1 343 просмотра

3 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар ҒИНИЯТ Атырауға келді. Ол медицина мекемелерінің басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте кадр тапшылығы, техникалық жарақтандырудың төмендігі, алғашқы медициналық-санитариялық көмек (МСАК) деңгейіндегі жұмыстың әлсіздігі мәселелері көтерілді.

Министр МСАК деңгейіндегі қан айналымы жүйесі ауруларының алғашқы профилактикасы мен қосалқы аурулары бар егде жастағы адамдарды динамикалық бақылау, үй жағдайында жоғары өлім-жітім туғызатын инсульттің бастапқы және қайталама профилактикасы сияқты кемшіліктерді атап өтті. Нәтижесінде инсульттан кейін «Д» есебіне алынған адамдардың төмен үлесі - 42,4% ғана  екені байқалады.

Атырау облысының онкологиялық қызметінің жұмысындағы негізгі проблемалардың ішінде министр арнайы маман (цитопатоморфологтар, химиотерапевтер, медициналық физиктер, торокалдық онкологтар, онкоурологтар) кадрлары тапшылығын атап өтті. Оның үстіне онкологиялық диспансер ғимараты апатты деп танылғанына, бас және радиологиялық корпустардың жаңа ғимаратының құрылысы қажет екеніне назар аударды.


Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

4 наурыз 2023, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.