Атырау, 20 мамыр 09:07
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Суық далада өткен түн: жан да, мал да дін аман

1 283 просмотра

17 ақпанда сағат 07:55-те Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылынан Атырау облысының Құлсары қаласына қарай  5 жасар баламен бірге бір отбасының жолға шығып, кері оралмағандығы жөнінде хабарлама түсті.

Жоғалғандар со лкүні түске таман табылды. Анықталғандай, Құлсары қаласынан шамамен 120 шақырым жердегі «Намазтақыр» учаскесі маңында көліктерінде бензин таусылып қалып, далада тұрып қалған.

1976 ж.т. және 1979 ж.т. ер азаматтар, 1979 ж.т. әйел адам және бүлдіршін дәрігерлік көмекті қажет етпеді. Көлік тіркемесіндегі сиыр мен екі бұзаудың да жағдайы жақсы.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 5 қызметкер мен 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Атырау облысы ТЖД құтқарушылары қолайсыз ауа-райында алыс сапарға шығудың қауіпсіз еместігін және бензин багын толтырып шығуды ескертеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облысы ТЖД жолдаған суреттер

21 ақпан 2023, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.