Атырау, 20 мамыр 12:25
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Аралдағы өлім

942 просмотра
Көрнекіі сурет

9 ақпанда Каспий теңізінің D аралында «Каспий Ақ Желкен» мердігер компаниясының қызметкері әзірге белгісіз себептермен қайтыс болды.

Сәл кейінірек, NCOC компаниясының комментарийі шықты: «Біз қайғылы оқиғаға байланысты марқұмның отбасына көңіл айтамыз. NCOC компаниясы тиісті билік органдарымен өзара әрекет ете отырып, мердігер компанияға қажетті жұмыстарды ұйымдастыруға қолдау көрсетті. Оның қазасының өндіріске қатысы жоқ. Қайтыс болған қызметкердің «Каспий Ақ Желкен» ЖШС-мен еңбек қатынастарында болғанын ескере отырып, осы қайғылы оқиғаға қатысты барлық сұрақтарды тікелей жұмыс берушіге жолдауыңызды сұраймыз».

Өз кезегінде Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ «АЖ» тілшісіне тексеру тағайындалғанын хабарлады. 

Айнұр САПАРОВА

15 ақпан 2023, 20:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.