Атырау, 20 мамыр 11:23
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Индер трассасында жол апатынан 2 адам қаза тапты

Сурет
1 169 просмотра

Бүгін 15 ақпан күні сағат 15:00 шамасында Атырау-Индер тас жолының 72-шақырымында Toyota Ipsum және Lada Grantа автокөліктері соқтығысып, салдарынан Lada Granta автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, 60 жастағы жолаушы ауруханада көз жұмды.  

Атырау облысы Полиция департаменті хабарлағандай, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы дене жарақаттарымен Махамбет аудандық ауруханасына жеткізілді. 

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен (Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді жолдаған ПД

15 ақпан 2023, 23:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.