Атырау, 20 мамыр 04:17
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қарабатанға жақын салынатын газ өңдеу зауыты өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік береді

778 просмотра

Қашаған кен орнындағы ілеспе газды өңдейтін зауытты 2025 жылы  іске қосу көзделіп отыр. Бұл туралы Атырау  облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысының міндетін атқарушы Ризабек Мусагалиев  мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Зауыт Мақат ауданында, дәлірек айтқанда «Болашақ» мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысынан солтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым жерде және Ескене темір жол станциясынан оңтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан. 

Р.Мусагалиевтің айтуынша, зауыттың жобалық қуаты - жылына 719 млн текше метр тауарлы газ, 114 мың тонна техникалық бутан пропаны, 14 мың тонна газды конденсат, 204 мың тонна түйіршіктелген күкірт өндіру. Жобалық сметалық құжаттамаға сәйкес құны 500 млрд теңге.

-  Қашаған кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыру және газдың жерастына кері айдау көлемін азайту да басты мақсаттарының бірі. Жобаны іске асыру әлеуметтік-экономикалық ортаға оң әсерін тигізеді. Яғни құрылыс және пайдалану кезеңінде қосымша жұмыс орындары іске қосылып, мемлекеттік бюджетке салық төлемдері ұлғаяды. Зауыт қосылғаннан кейiн NCOC компаниясының мұнай өндіру қуаты тәулiгiне 425 000-нан 450 000 баррелге дейiн артады. Бұл жоба нормативтік экологиялық, санитариялық-гигиеналық, өртке қарсы қорғау құжаттарының және Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын басқа да нормалардың талаптарына сәйкес келеді, - деді Р.Мусагалиев.  

Оның айтуынша, зауыт іске қосылғаннан кейн 600 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

14 ақпан 2023, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.