Атырау, 20 мамыр 03:33
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Құрманғазы Есқазиев «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды

2 320 просмотра

Құрманғазы Есқазиев  «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды. Кәсіпорын Каспий теңізі қайраңындағы Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарын («Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» жер қойнауы учаскесі) игерумен айналысатын болады.

Қ.Есқазиев «Kalamkas-Khazar Operating» компаниясына жұмысқа ауысқаннан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Ақтаудағы өкілдігінің директоры қызметін сақтап қалды.

Ол еңбек жолын 1985 жылы «Ембімұнай» өндірістік бірлестігінде оператордан бастап, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорына дейін өндірістің барлық сатысынан өтті. 

Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, геология және игеру департаментінің директоры болып жұмыс істеді; 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директоры, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директоры, бас геологы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының геология және перспективалық жобалар жөніндегі орынбасары, операциялық емес активтер жөніндегі басқарушы директоры (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ), геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды. 

2015 жылы қыркүйектен бастап 2018 жылға дейін — «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы). 

2018-2020 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай-сервис жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 

2020 жылдан бастап — «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы).

2022 жылдың ақпанынан бастап 2023 жылдың қаңтар айына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

9 ақпан 2023, 19:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.