Атырау, 20 мамыр 07:56
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Абайлаңыз! Жол бойында жаяу жүргінші

Бейнежазба
1 411 просмотра

4 қаңтар күні кешкісін «Ваз» маркалы автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ақтөбе-Атырау-Астархань тас жолының 846-шақырымы тұсында жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Полиция департаментінің ақпараты бойынша, бұл Кадирка ауылының тұсында болған. 50 жастағы зардап шегуші Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Атырау полицейлері көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге түнгі уақытта сақтық шараларын қатаң сақтап, қауіпсіздік ережесін басты назарда ұстау керек екенін ескертеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ПД жолдаған бейнежазба

5 қаңтар 2023, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.