Атырау, 20 мамыр 10:41
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оқиғалар тізбегі

1 384 просмотра

21 желтоқсан күні  сағат 09:28-де Құрманғазы аудан орталығынан Болашақ көшесі мекенжайында орналасқан екі қабатты жатақхананың дәлізінен түтін шыққан туралы шақырту түсті.  

Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткен кезде екінші қабаттың дәлізінде еденнің жанып жатқаны анықталды. Олар  9 адамды (екінші қабаттан баспалдақ арқылы 4 баланы, терезе арқылы үш иінді сатының көмегімен 5 ересек адамды) қауіпсіз жерге көшірді. Өрт 09:54 сағатта толықтай жойылды, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД-нің Қоғаммен байланыс тобы.  Өртті сөндіруге 7 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды. 

* * * * *

Атырауда көктайғақ салдарынан бір күнде 10 жол-апаты тіркелді.

Осы орайда, Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтары назарына бұл жағдайда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін негізгі қағидаларды, атап айтқанда, жылдамдық режимін және көлік арасындағы арақашықтықты сақтау керектігін ескертеді.

* * * * *

20 желтоқсанда сағат 8:00 шамасында Тайманов көшесі бойында орналасқан Promgaz жанармай құю бекеті тұсында маркасы Yutong  жолаушылар көлігі реттелмеген жаяу жүргіншілер өтпесінен өтіп келе жатқан жасөспірім баланы қағып кеткен.

Әр түрлі дене жарақатын алған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

* * * * *

Атырауда 3 күнде қоғамдық орында мас күйде жүрген 40-ға жуық тұлға жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, 16 желтоқсанда сағат жеті шамасында Атырау ҚПБ учаскелік инспекторлары өздеріне бекітілген аумақты аралау барысында көп қабатты үйлердің бірінің подъезінде мас күйде жүрген 44 және 33 жастағы екі азаматты анықтады. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен («Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу») хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

* * * * *

Индер аудандық сотында Т.-ның жауапкер Б.-дан материалдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды.

Бұған дейін жауапкер Б., ЖКО жасағаны үшін кінәлі деп танылып, нәтижесінде талапкер Т.-ға 1 544 326 теңге материалдық залал келтірген.

Татуласу рәсімінің нәтижесінде тараптар келісімге келіп, жауапкер талапкерге 18 ай бойы ай сайын 92 500 теңге төлеуге міндеттенеді, ал талапкер талап арыздан бас тартады.

* * * * *

Атырау қаласы аумағында «Автобус» жедел-алдын алу шарасы аяқталды.

Апта ішінде жол ережесін бұзған бірнеше жүргізуші жазаға тартылды. Мәселен, 5 желтоқсанда ПАЗ-32054 автобусының жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Ол алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 желтоқсан 2022, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.