Атырау, 18 мамыр 18:38
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жазғы демалысты қысқарту арқылы оқу жылын екі аптаға ұзартпақ

835 просмотра

Қазақстанда жазғы демалысты қысқарту арқылы оқу жылын екі аптаға ұзартпақ, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 апта болса, 2-11 (12) сыныптарда 36 апта оқиды. Оқу жылы ішіндегі каникулдардың кезеңі де белгіленіп отыр. Олар:1)күзгі каникул – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны – 6 қараша аралығында); 2)қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтар аралығында); 3)көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурыз аралығында); 1-сыныптарға қосымша каникул – 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында) беріледі», - деп Білім және ғылым министрлігінің бұйрық жобасында айтылған.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін 2-11 сыныптар үшін оқу жылының максималды ұзақтығы 34 апта болатын.

"Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, "күрделі" тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамыта оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік береді", - делінген жобада.

20 шілде 2022, 20:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.