Атырау, 18 мамыр 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда тексерілген ойыншықтардың 50%-ы қауіпті деп танылды

623 просмотра

Қазақстанда 2022 жылдың басынан бастап 1 499 ойыншық үлгісі тексеріліп, оның 706-сы қауіпті деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншығының 1 499 үлгісін тексерді. Нәтижесінде 706 үлгі "Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы" ережеге сәйкес келмейтіні анықталды. Олардың ішінде 9 Қазақстанда (1,3%), 59-ы Еуропа экономикалық одағында (8,4%), 638-і өзге елдерде (90,3%) жасалған", – делінген комитет хабарламасында. 

Санитарлық-химиялық тексеріс нәтижесінде 23 үлгіде ксилол, бензол, фенол, гептан, формальдегид және этилацетат сынды қоспалардың шамадан тыс көп екені анықталған. 

Кәсіпорындарда 21,5 келі ойыншық тәркіленді. Сонымен қатар өнімдер қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттарсыз сатылып келген.

20 шілде 2022, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.