Атырау, 18 мамыр 23:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қостанай облысында бөгет құрылысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

762 просмотра

Қостанай облысында 200 миллион теңгеге сапасыз жөнделген бөгет жырылып кетті. Экономикалық тергеу департаменті қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Шилі бөгетін күрделі жөндеу" жобасы кезінде бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғаған. 

"Сараптама қорытындысы бойынша алдын ала келтірілген залал 33 712 618 теңге болды. Сот қылмысты ұйымдастырушыға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді департамент баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін 2 жыл ғана қызмет еткен бөгетті Шилі тұрғындары жөндеуді сұрап жатқаны белгілі болған. Гидротехникалық құрылысты салуға республикалық бюджеттен 200 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінгенімен, былтыр көктемде басты міндет орындалмаған. Тасқын суды бөгей алмады. 

20 шілде 2022, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.