Атырау, 18 мамыр 21:04
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

WBA Головкинге ультиматум қойды

765 просмотра

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қатардағы чемпион Эрисланда Ларамен кездесуге міндеттеді. GGG осы тұжырым бойынша орта салмақтағы суперчемпион атағына ие, деп хабарлайды Sports.kz.

WBA-дың талабына сәйкес, Головкин Альвареске қарсы жекпе-жектен кейін орта салмақтағы WBA Regular белбеуінің иегерімен кездесуі шарт. GGG Канелоны жеңсе, бес күннің ішінде шешім қабылдауға міндетті. Дайындыққа төрт ай беріледі. Осы уақыттың ішінде Головкин Эрисланда Лараға жұдырықтасып, WBA Super атағын қорғауы тиіс.

Қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жекте ұтылса да, орта салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғай алады. Себебі Альвареске қарсы жекпе-жеке екінші орта салмақта өтеді. Ал Головкин WBA белбеуінен бас тартқан жағдайда Лара автоматты түрде суперчемпин атанады.

Айта кетері, 17 қыркүйекте WBA Super, IBF пен IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегін өткізеді. Бокс кеші АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді.

20 шілде 2022, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.