Атырау, 18 мамыр 21:08
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Мәсімов Тоқаевты өлтіруге келгенде оққағарлары сақтап қалды": Экс-депутат президентке қастандық жасалуы мүмкін екенін айтты

1 456 просмотра

Экс-депутат Серік Әбдірахманов өз сұхбатында қаңтар оқиғасы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің өлтірмек болғанын айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта президентке тағы да қиянат жасалуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Серік Әбдірахманов мемлекет басшысының билікте жалғыз екенін мәлімдеді. 

"Қасым-Жомарттың біз үшін басты құндылығы – ол ұры емес, таза адам. Қаңтарда Мәсімов оны өлтіруге келгенде жаныдағы оққағалары бар, ҰҚК қазіргі төрағасы Сағымбаев бар, тойтарыс беріп, Кәрім Мәсімовты қамауға алды. Мінез көрсетті, өзінің тазалығымен қалды", – деді Серік Әбдірахманов. 

Экс-депутаттың сөзінше, алдағы уақытта президентке қастандық жасалуы мүмкін.

"Тоқаевтың басты мақсаты – Мәжіліс сайлауын өткізіп, депутаттарды халықтан сайлату. Қазір халықтың арасынан шығып, Мәжіліске сайлану мүмкін емес. Президенттің артында Мәжіліс тұрса, ұрылар именеді, сескенеді. Қазір жасанды Мәжіліс отыр, олар үндемейді. Ал Тоқаев билікте жалғыз, бұлар президентке қиянат жасауы мүмкін. Сенатта да Кәрім Мәсімов пен Болат Назарбаевтың адамдары отыр. Егер президентке бірдеңе болса, міндетін атқарушы болып тағайындалады", – деп түсіндірді ол. 

18 шілде 2022, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.