Атырау, 18 мамыр 19:57
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Храпуновтың жерлерін тәркілеу ісі қозғалды

798 просмотра

Мемлекеттік активтерді заңсыз иемдену ісі бойынша 8 мыңға жуық актіні прокуратура зерттеп жатыр. Мысалы, Үкіметтің қаулысы мен сот шешімдері бойынша жеке фирма 629 теміржолды ақысыз алған. Бұл тасымал тарифінің 10 есе өсуіне әкелген. 

Жуырда Жамбыл облысында 1,7 млрд теңгеге заңсыз жекешелендірілген 3 объект сот тәртібімен мемлекет меншігіне қайтарылды. Шығыс Қазақстан облысында Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу туралы іс қозғалды. Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі Төлешовтің ісі де қаралып жатыр. Бұл шаралар мемлекетке 30 млрд теңгеге жуық залалды өтеуді көздейді. 

Монополияға қарсы орган мұнай-газ, фармацевтика, көлік-логистика және экономиканың басқа да секторларында талдау жүргізеді. Жамбыл облысында 697 млн теңге монополиялық табыс алған «Қазфосфат» зауытының басшылығына қатысты тергеу басталды. Осы категория бойынша: « Берел қорымына жеткізетін жол жылда жөндеусіз қалады

18 шілде 2022, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.