Атырау, 20 мамыр 16:06
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Әлеуметтік қызметкерлер шипажайда тегін ​демала алады

1 123 просмотра

Атырауда биыл шілде айынан бастап І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар және мүгедектігі бар балалар мен жеке көмекшілеріне және ілесіп баратын адамдарға 14 күнге санаторий-курорттық жолдама қарастырылған. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті.

- Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар жылына бір рет 14 күнге тегін санаторий-курорттық жолдамамен қамтамасыз етіледі. Бұрын І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар көмекшілері үшін өз қалталарынан қаржы жұмсайтын болса, енді ол қаражат мемлекет тарапынан қаралып отыр, - деді А.Мәмбетов.

Ілесіп баратындар мекенжайы бойынша жұмыспен қамту бөлімдеріне жолығу қажет. Санаторий-курорттық жолдаманы Әлеуметтік қызметтер порталынан өздерінің электронды цифрлық қолтаңба арқылы үйден ала алады немесе қалалық, аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінде, округтерде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарындағы мамандардың көмегімен ала алады.

А.Мәмбетовтің айтуынша, порталда ҚР бойынша 60-тан астам санаторий орналасқан, соның ішінде «Атырау» шипажайы да бар.

Айта кетейік, өңірде 24 006 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Жыл басынан бері олардың 4650-ы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өтініш берген, оның ішінен 1506 адам демалып келген. Қазіргі кезде 2209 адам шипажайды таңдап, орын алып қойған.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

18 шілде 2022, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.