Атырау, 18 мамыр 13:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоқаев цифрландыру туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

1 049 просмотра

Заң электронды құжаттардың қолданылу аясын және деректерді басқару жүйесін институттандыруды кеңейтеді. Заңда ауылды жерлердің байланыс сапасын арттыру шаралары да қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – Ақорданың ресми сайты таратқан ақпаратта.

Заң басқару шешімдерін қабылдау кезінде инновациялық цифрлық технологияларды пайдалануды кеңейту үшін заңнамалық базаны құруға бағытталған.

Заң цифрлық құжат қызметінің аясын кеңейтіп, электронды құжаттарды қағаз түріндегі баламасына теңестіреді.

Заңда ауылдық елді мекендердегі байланыс сапасын арттыру және азаматтар мен бизнестің мемлекеттік қызметтерді алу құнын төмендету шаралары да қарастырылған.

15 шілде 2022, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.