Атырау, 18 мамыр 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Елімізде ашылған 7 қант зауытының төртеуі ғана жұмыс істеп тұр

839 просмотра

Қазақстанда ашылған жеті қант зауытының тек төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның үстіне, жұмыс істеп тұрған төрт зауыттың өзі толық қуатта жұмыс істеп тұрған жоқ деді Үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Бұрын іске қосылған жеті қант зауытының бүгінде тек төртеуі ғана жұмыс істеп тұр. Оның өзінде, олардың қуаттылығы 31 пайыз болып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылға қарай қызылша қант өндірісінің үлесін алты есеге көбейтпек. Алайда соңғы төрт жылда қант қызылшасы егілетін аумақтың үштен бірі қысқарған», - деді Қ. Тоқаев елдегі қант тапшылығына тоқтала отырып.

Президент атап өткендей, қазір Қазақстандағы қанттың 90 пайызы сырттан келеді.

«Бұл жерде Еуразиялық одақ аясындағы шешімге сілтей салуға болар еді, бірақ қандай жағдай болмасын, бұл – Үкіметтің теріс есебі. Яғни, Үкімет мемлекеттің мүддесін қорғай алмады. Үкімет шұғыл түрде қант саласын дамыту туралы жеке салалық жоба әзірлеуі керек. Мақсаты – қант импортын ақырындап азайтып, болашақта толықтай өз нарығымызды өзіміз қамтитын деңгейге жеткізу», - деді Қ Тоқаев.

14 шілде 2022, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.