Атырау, 18 мамыр 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қаңтар оқиғасы: Бішкек милициясы Рузахуновтың ісі бойынша тергеуді аяқтады

974 просмотра

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Қазақстанда соққыға жығылған қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновтың ісі бойынша тергеу аяқталды.

Ол әлеуметтік желіде кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін іс материалдары Қырғызстанның Бас прокуратурасы арқылы Қазақстанның құзыретті органдарына жіберілетінін жазды.

Бішкек Ленин ауданының ІІБ тергеуді аяқтап, материалдармен таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Сарапшылар менің денсаулығыма ауыр зиян келтірілгенін анықтады. Кінәлілерді анықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жиналған материалдар Қазақстанның құзыретті органдарына жіберіледі", — деп жазды музыкант.

Рузахуновтың ісі

Қаңтарда Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған қырғыз музыканты Викрам Рузахунов құқық қорғаушылардың күш қолданғанын мәлімдеген болатын.

Рузахунов жауап алу кезінде танымал музыкант екенін айтқан. Бірақ тәртіп сақшылары ол ақпаратты тексермеген.

"Жауап алу кезінде танымал музыкант екенімді қайта-қайта айттым, ал азаптау кезінде айқайлап тұрып, атымды интернет арқылы тексеруді өтіндім. Бірақ Қазақстанның құқық қорғау органдарындағы бірде-бір адам кім екенімді тексерген жоқ. Мені келемеждеді", - деп жазды Рузахунов әлеуметтік желідегі парақшасында.

12 шілде 2022, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.