Атырау, 18 мамыр 17:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Басшының жұмысы тиімсіз болса, оны орнынан босату керек": Аймағамбетов

744 просмотра

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын ауыстырып отыруға қатысты туындаған күдікке жауап берді. Басқарма басшысы ротация туралы әртүрлі пікірлерді оқитынын, хабардар екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тиісіз директорды бір мектептен екіншісіне ауыстырудан пайда жоқ деген пікірді естіп жатырмыз. Негізі олай емес. Басшының жұмысы тиімсіз болса, оны жұмыстан босату керек. Біліктілігі бар директорлар бір мектепті жеті немесе одан да көп жыл басқарған жағдайда оларды ротациялау қажет. Яғни, бұл екі ұғымды шатастырмау керек", –  деді министр Хабар 24 арнасына сұхбат кезінде.Еске салайық, өткен жылы бірнеше ондаған жыл бойы бір қызметте жұмыс істеп келе жатқан мектеп директорларын ауыстыру идеясы айтылған болатын.

Кадрларды ротациялау мектептер жұмысының тиімділігін арттырып, жас мамандарға басқару саласында бағын сынауға мүмкіндік береді деп күтілген болатын.

Білім министрі мектеп формасына қатысты сауалға да жауап берді. Жаңа оқу жылынан бастап әр облыс өз өңірі үшін мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптарды бекіту мәселесін қарастырады.

12 шілде 2022, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.