Атырау, 18 мамыр 16:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Он жылдан астам іздеуде болған Болат Алтынбеков Мәскеуде ұсталды

862 просмотра

Мәскеуде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Болат Алтынбеков ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, күдікті фамилиясын өзгерткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство таратқан ақпарат бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековты халықаралық деңгейде іздестірді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбеков ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтан» «Алшерге» өзгерткен.

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды.

12 шілде 2022, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.