Атырау, 18 мамыр 18:18
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоқаев құқыққорғау қызметі мен қару айналымы саласындағы түзетулерге қол қойды

873 просмотра

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққорғау қызметі мен қару айналымы саласындағы түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Түзетулер кадрлық қамтамасыз ету саласын, әскери қызметтен өту және әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіруді қарастырады және полицейлердің құқықтық мәртебесі мен қорғалуын арттыруға бағытталған.

11 шілде 2022, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.