Атырау, 20 мамыр 16:06
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Еліміздің жетекші дерматологтары атыраулық балаларға көмек көрсетті

1 198 просмотра

Балалар жылы аясына облыстық тері-венерология диспансерінің негізінде «Кішкентай науқастарға көмек» атты ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының жетекші дерматовенеролог және дерматокосметологтары жергілікті тері-венерология диспансері мамандарымен бірлесіп, 85 бала мен жасөспірімді қабылдады. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, кеңес берілді.

Мамандар көп таралған тері ауруларын дұрыс анықтау (ақтаңдақ, дерматит, теңге қотыр, қышыма және т.б.) мен оны емдеуге байланысты тәжірибелік көмек көрсетті. Сонымен қатар, соңғы жылдары жасөспірімдер мен жастар үшін күрделі проблемаға айналған безеу ауруын емдеу тәжірибесімен бөлісті.  

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

11 шілде 2022, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.